Қазақстандық тарап шетелдік инвесторлардың алдындағы өзіне тиесілі міндеттемелерін сақтайды. «Kazakh Invest» ҰК елімізге қаржы құйған сырт мемлекеттердің компаниялары мен салымшыларына осындай хабарлама жолдады. Онда елдегі төтенше жағдайдың тұрақтануына байланысты жапа шеккен кәсіпкерлерді қолдау және шетелдік инвестициялар мен бизнес қауымын қорғау бойынша қажетті кешенді шаралар қабылдап жатқаны айтылған. Сонымен қатар осы іске жауапты жергілікті мамандар үнемі мониторинг жүргізіп, туындаған көкейкесті мәселелердің түйінін тарқатып, өзегіне жетуге көмектеседі.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов