Қазақстанда Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстанда Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Үкіметі 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Атап айтсақ, ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Ата заңның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету. Негізгі заңның мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірленеді. Ол электронды платформаларда орналастырылады. Сонымен қатар, бұл жоспарға оқыту семинарлары, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, сондай-ақ кешенді медиа-жоспар әзірлеу кіреді. Қолданыстағы заңнаманы талдау, нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?