Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Қазақстанда алдағы Парламенттік реформаға қатысты кең көлемде талқылау жүргізілуде. Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы болашақ Парламенттің басқа да билік институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне және бірпалаталы жаңа заң шығарушы органның атауын қарастыруға арналды. Аталған реформаға қатысты халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 500-ден астам ұсыныс келіп түсті. Ерлан Қарин бастамалардың барлығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырды. Парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты тәсілдерді әзірлеу ісі Жұмыс тобының алдағы отырыстарында кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Еске сала кетейік,  жұмыс тобы былтыр 8 қазанда Президент өкімімен құрылған болатын. Алғашқы отырысы Мемлекет басшысының қатысуымен 14 қазанда өтті. Сол күні Президент тапсырмасы бойынша азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жинақтау мақсатында e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі ашылды. Жұмыс тобының 2 желтоқсанда өткен екінші отырысында жаңа Парламентті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Ал үшінші отырыста болашақ Парламенттің заң шығару үдерісінің негізгі тетіктері талқыланды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?