Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығының векторлары

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығының векторлары

Қазақстан мен Тәжікстан Душанбедегі инвестициялық форум аясында 1 млрд долларға келісімдерге қол қойды. Қос тарап тауарайналымын ұлғайтуға мүдделі. Өткен жылы елдер арасындағы сауда бір миллиард доллардан асты, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алыс-беріс АҚШ валютасында 464 млн-ға тең келді. Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығының маңызды салаларының бірі - ауыл шаруашылығы. Елдер экспорт үшін ауыл шаруашылығы және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау саласындағы бірлескен агрожобаларды іске асыруда өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын.


Айдарбек Сапаров, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:


- Осы елдің ветеринария жөніндегі азық-түлік қауіпсіздігі комитетімен қол қоямыз, біз мұнда жыл сайын тірі мал мен ет өнімдерін жеткіземіз. Бірінші жартыжылдықта біз квота бөлінісінде 1630 бас тірі малды жеткіздік. Тағы 60 мың бас іріқара жібереміз. Қазір біз көрсеткішті 85 мыңға дейін арттырудамыз, сонымен қатар 20 күннен кейін толығымен цифрландырылған квоталау жүргізіледі.


Ақпараттық технологиялар саласы қос ел арасындағы берік ынтымақтастықтың тағы бір бағыты. тәжік тарапы Қазақстаның цифрлық үкімет құру тәжірибесімен жақын танысуға мүдделі.


Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі:


- Біз Freedom Bank жанынан IT-хаб құрып жатырмыз. Оның бірнеше бағыты бар, соның бірі - Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көпір болғымыз келеді, біздің әзірлеушілер Тәжікстан нарығына имплементация бойынша eGov платформасы аясында белгілі бір тәжірибені бере алады. Сонымен қатар, біз ІТ-хаб алаңында стартаптар мен Fintech үшін инфрақұрылымды дамытуды жоспарлап отырмыз.


Сарапшылардың пікірінше, су ресурстары саласындағы әріптестік екі ел үшін өзекті болып қалуда. Қазақстан бұл мәселеде кооперацияға дайын.


Гузель Майтдинова, Геосаяси зерттеулер орталығының директоры:


- Тәжікстанда су көзі болып тұрған тұщы су мен мұздықтардың орасан зор қоры бар. Менің ойымша, бұл салада да Орталық Азияның ортақ игілігі, Қазақстан мен Тәжікстанның ынтымақтастығы үшін мұздықтарды сақтау бойынша өзара іс-қимыл жасай алар еді. Әрине, біз үшін Рогун ГЭС-інің құрылысын аяқтаудың стратегиялық маңызы зор. Өздеріңізге белгілі Орталық Азияда біз ортақ энергетикалық жүйеге қосылдық, Рогун ГЭС құрылысын аяқтау Қазақстан үшін де маңызды.