Қазір ежелгі тарихи мекеннің орынында ашық аспан астындағы мұражай құрылысы жүріп жатыр. Оның барысымен тілшіміз танысып қайтты.
Жеңіс Ермұқанов, тілші
- Бір өзі 4 бірдей тарихи кезеңді қамтитын «Бозоқ» көне қалашығы ел халқының 5 мың жылдық тарихын сипаттайды. Бұл құтты мекенде жақында аспан астындағы мұражай бой түзейтін болады. Қыстың қақаған күндерінің өзінде құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.
412 гектар жерді алып жатқан тарихи ескерткіш аумағы толығымен қоршалады. Қос бүйірінен биіктігі 18, ұзындығы 140 метрге жететін қақпа орнатылады. Айнала салынатын қоршаудың жалпы ұзындығы 9 шақырымға таяу болмақ. Қазір құрылысшылар оның іргетасын қалап жатыр.
Ерболат Рахманқұлов, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының бас ғылыми инспекторы
- Негізгі нысандардың бірі ол археологиялық кешен. Ол «Бозоқ» қалашығының өзінің ескерткіші. Музейлендіру жұмысындағы келесі бір нысан ол оның реконструкциясы. Оның өзі түпнұсқаға сай 21 гектарды қамтитын болады. Сонымен қоса, келесі нысандардың бірі ол сапар орталығы. Ол біздің өзіміздің Қазақ хандығын дәріптейтін нысан болады. 06:16:00
Қоршауы көтерілісімен «Бозоқ» қалашығын қайта жандандыру үшін саяси, әлеуметтік, тұрмыстық ғимараттар мен шаруашылық нысандары бәз-баяғы қалпына келтірілмек. Тіпті, тұпнұсқаға барынша жақын құрылыс материалдары пайдаланылады.
Әлихан Әбілдин, құрылыстың бас мердігерінің өкілі:
- Әр қазған, техникамыздың кірген жерлерін тиянақты қадағалап отырмыз. Көрінбей, жер астында қалып қойған қазбалар болуы мүмкін деген ықтималмен.
Көне қала Ұлы Далада тек көшпенді мәдениет қалыптаспағанын айғақтайды. Археологиялық зерттеу жұмыстары барысында жергілікті халық ежелден бері қосалқы отырықшы шаруашылықпен айналысқанын дәлелдейтінде тың жәдігерлер табылған. Ұлы Жібек жолы бойында алыс-берісі дамыған сауда орталығы болғанын мәлімдейтін деректер де бар.
Қажымұрат Төлегенұлы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері
- Қыпшақ дәуірі, одан кейін Алтын Орда кезеңі, одан кейін қазақ хандығы кезеңі, одан кейін орта ғасыр. Бұл «Бозоқ» ескерткішінің астында бірнеше қабаттық мәдениет жатыр. 06:48:15
Арқа даласындағы өркениет орталығы болған Бозоқ жайлы сыр шертетін ашық аспан астындағы мұражай келушілерге 2025 жылы есігін айқара ашады.
Жеңіс Ермұқанов