Қазақстанда 2025 жылы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында 5 мың іс-шара өтеді

Қазақстанда 2025 жылы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында 5 мың іс-шара өтеді

10 тамызда еліміз ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өтті. Дегенмен жоспарланған іс-шаралар тізбегі мұнымен аяқталмайды, жыл бойы өңірлерде 5 мыңға жуық шара ұйымдастырылады. Олардың қатарында айтыс, ақындар фестивалі, түрлі жарыстар, зерттеу экспедициясы, театрландырылған қойылым мен концерт сынды 100-ден астам ұлттық және халықаралық шаралар бар. Ұлы ақынның мерейтойын атап өту, қазақ әдебиетінің негізін салған тұлғаның мұрасын ұлықтау ғана емес, өткенге, бүгін мен болашаққа деген құрмет.

Ерлан Дәкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:

- Бүгінде республика бойынша, барлық кітапханаларда, оқу орындарында, мәдени ошақтарда, ғылыми орталықтарда бірқатар шаралар өткізілді. Тұрғындар ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеу мақсатында түрлі челленджер ұйымдастырып жатыр, оған мектеп оқушыларының, түрлі этнос өкілдерінің, елдегі белгілі өнер иелерінің белсене атсалысуы көңіл қуантады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?