Қазақстанда кезекті
франкофония көктемі аяқталды. Дәстүрлі шара Астанада франко-литвалық пианист
Муза Рубацкитенің өнерімен жабылды. Ол әлемдік деңгейде танымал музыкант және
педагог. «Француз Ұлылары» халықаралық байқауының бас жүлдегері және Вильнюс
пианино фестивалінің негізін қалаушысы. Осымен 16-шы рет ұйымдастырылып отырған
Франкофония фестивалі Қазақстанның 7 қаласын қамтыды. Оның аясында француз
киносы, түрлі концерттер, конференциялар, әдеби кездесулер, көрмелер мен
байқаулар өткізілді. Әлемнің 90-ға тарта елінде ұйымдастырылатын жаһандық
шараның мақсаты француз тілді елдер мен өзге де мемлекеттердің өзара мәдени
ықпалдастығын арттыру.
Эгидиюс Навикас,
Литваның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Бұл
Литва үшін де үлкен мүмкіндік. Тіл үйренушілерді қолдауға, мәдениет саласында
өзін танытуға жол ашады. Біз де осы іс-шара аясында бүгінгі кешті ұйымдастырып,
литва-француздық пианист Муза Рубацките кешін ұйымдастырдық. Бұл іс-шаралар
Қазақстандықтарға тіл үйренуге мүмкіндік ұсынады. Осы саладағы жұмысқа
бағытталған түрлі институттар бар.

