Қазақстан Президенті шетелдік ЖОО басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті шетелдік ЖОО басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті шетелдік жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэн лингвистика және цифрлық оқыту салаларында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті жөнінде әңгімеледі. Астанада аталған университет филиалының ашылуы қазақ-қытай қарым-қатынасының  зияткерлік көпіріне айналмақ. Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Айта кетейік, 2022 жылы Алматыда оның филиалы ашылған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады. Тараптар адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында мамандар даярлау мәселелерін талқылады. Еске сала кетейік, Түркістан қаласында Woosong университетінің филиалы жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast оқу орнының президенті және вице-канцлері Иан Грирмен де түрлі саланың мамандарын даярлау мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз қызығушылық танытатып отырғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновты да қабылдады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында аталған ресейлік университет филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?