Қазақстанның ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 6%-ды құрайды

Қазақстанның ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 6%-ды құрайды

Қазақстанның ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 6%. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 19 млн шаршы метрден астам нысан салынды, оның 170 мыңнан астамы тұрғын үй кешені. Ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында республикада 120-дан астам мектеп пен балабақша, сондай-ақ 30 медициналық орталық пен емхана салынды. Жыл басынан бері жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 18%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, сондай-ақ Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында жаңа Құрылыс кодексі әзірленгенін атап өтті. Ол цифрлық шешімдерді енгізуді, бюрократиялық кедергілерді жоюды және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуды көздейді. Айта кетейік, саланың үздік қызметкерлері Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар алды.

Қайсар Омаров, Құрылыс саласының ардагері:

- Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» белгісі мемлекеттік наградаға қатарына жатқызылғаны үшін Мемлекет басшысына тағы да зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл бізге - құрылысшыларға деген ерекше ықыласты білдіреді және осы жерде отырған барлық еңбеккерлерге және Қазақстанның барлық құрылысшыларына денсаулық және еңбек жолында табыс тілеймін!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?