Алматы облысында ірі логистикалық парк құрылады

Алматы облысында ірі логистикалық парк құрылады

Алматы өңірінде тұңғыш ірі индустриялық-логистикалық хаб құрылады. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылмақ. Оның алғашқысы 2027 жылға дейін екінші кезеңі 2029 жылға дейін жоспарланған. Ал соңғы пысықтау жұмыстары 2032 жылы аяқталады деп күтілуде.

Жалпы құрылысқа шамамен 550 га жер қарастырылмақ.  

Ерлан Қойшыбаев, Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

– 550 Га жер телімінің 215 Га ашық сауда алаңдары, 250 Га контейнерлік терминалдар және 85 Га жерге темір жол құрылыстары салынады деп жоспарлануда. Жалпы жобаның құны 90 млрд теңге болып келеді және 3 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деген болжам бар. Бұл көлік-логистикалық хаб, айта кетер болсақ, мультимодальді сауда алаңдары, көлік-логистикалық хаб және қоймалар орналасатын алаңдардан тұрады. Мұның басқа хабтардан ерекшелігі ол синергетикалық әсері бар және оның Қазақстан мен Алматы облысының транзиттік әлеуетін пайдалана отырып осы көлік-логистика саласында бағаны тұрақтандыруға бірден-бір әсері тиеді.