Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан Президент Шавкат Мирзиёевпен кездесуде мәлімдеді. Еліміздің Үкімет басшысы көрші елге Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін барды. Айта кетейік бұл – Орталық Азия елі Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі мемлекетке аймақтағы бар сауданың 70%-ті тиесілі. Министрлер кабинетінің басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бақылауында болатынын атап өтті.
Әлихан Смайылов,
ҚР Премьер-Министрі:
- Сіз бен біздің
Президент арасында қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру екі ел үкіметтерінің
ерекше бақылауында. Басым бағыттардың бірі - өзара іс-қимылымыздың берік және
тұрақты экономикалық тұғырнамасын құру. Сіз дұрыс айтасыз, біздің алдымызда
үлкен міндеттер тұр. Арамыздағы тауар айналым өткен жылы 30%-ке артты. Биылда
осындай қарқынмен өсіп келеді. Біз сауда-экономикалық
ынтымақтастықты арттыруға басымдық береміз. Соңғы бір жарым-екі жылда 10 шақты бірлескен жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда тағы 60-тан астамы жүзеге
асырылу барысында. Сіз жаңа атап өткендей арамызда шешілмейтін немесе шешімін
таппаған мәселелер жоқ.