Ауыл
шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм, экономика және цифрлық технологиялар. Енді студенттер
осы бағыттар бойынша Қазақстанда ашылған
италиялық жоғары оқу
орны
филиалында
білім ала алады. Марке политехникалық университетінің кампусы Ілияс Жансүгіров
атындағы Жетісу университетінің базасында орналасқан.
Онда италиялық ғалымдар мен профессорлар дәріс оқиды.
Студенттер бірлескен ғылыми зерттеулерге және халықаралық тағылымдамаларға
қатысуға мүмкіндік алады. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге бірден екі жоғары
оқу орнының дипломдары беріледі.
Мерей Полат, студент:
- «Қос диплом бағдарламасы бізге осы салада дамуға үлкен мүмкіндік береді. Болашақта өзімізді басқа елдерде сынап көреміз. Сондықтан бізге үлкен мәдени мүмкіндіктер ашады. Мен болашақта Италияда жұмыс істегім келеді. Үлкен тәжірибе жинақтап мүмкін осы университетке өз үлесімді қосуым да мүмкін».
Балым Сексенбай, студент:
- «Бұл басқа адамдармен, атап айтқанда біздің шетелдік профессорлармен танысу үшін үлкен мүмкіндік. Біз бірегей білім аламыз және әртүрлі жобаларда өзімізді көрсетуге мүмкіндік аламыз. Жаңа технологияларды көріп отырмыз. Болашақта бәрін түбегейлі өзгертуге болатынын және Қазақстан әлемдік нарыққа шығатынына үлкен сеніммен қараймыз. Сондай-ақ, осы саланың білікті маманы болу үшін мүмкіндіктер бар екенін көріп отырмыз».
Айта кетейік, биыл Қазақстанда шетелдік жоғары оқу
орындарының 11 филиалы ашылады. 2024 жылы республикада 23 шетелдік
университеттің кампустары іске қосылды.

