Astana IT University киберқауіпсіздік зертханасында сандық қауіп-қатерлерді
жасанды интеллект көмегімен анықтау мүмкіндігі іске қосылды. Цифрлық технологиялардың
дамуымен қатар ақпараттық шабуылдардың жаңа түрлері пайда болып отыр. Зертхана «Ақылды
қала» инфрақұрлымын, банк жүйесін, көлік қозғалысын, өзге де өмірлік маңызы бар
салаларды қорғау қағидаттарын меңгеру үшін «ақ хакерлік» дағды, яғни жүйенің
әлсіз жерін анықтауды үйретеді. Бұл нысан Жоғары оқу орнында бұрыннан жұмыс
істеп келе жатқан киберполигон сапында қызмет атқарады. Осылайша, жас мамандар заманауи
кибершабуылға төтеп беру тәжірибесін меңгереді.
Андрей Белощицкий, Astana IT University ғылым және
инновациялар жөніндегі проректоры:
- Біз Кибершабуылдарды сараптау және тергеу орталығымен
бірлесіп, киберполигон аштық. Оның мақсаты ақпаратты қорғау жүйелері мен оған
шабуыл жасау мүмкіндіктерін сынақтан өткізу. Бірде-бір «ақылды қала»
инфрақұрлымы оны бұзу мүмкіндігін толық ескере алмайды. Ал, киберполигон ақпараттық
қауіп-қатерді модельдеуге, осал тұстарды анықтауға, ақпараттың қайда және қалай
таралып жатқанын анықтауға және оған қарсы тұруға мүмкіндік береді.

