Қазақстанда алғаш рет IT-сәулетшілер академиясы құрылды. Білім беру
платформасын цифрлық үкіметті қолдау орталығы іске қосты. Мұнда мемлекеттік
деңгейдегі цифрлық шешімдерді жобалаумен және дамытумен айналысатын білікті
мамандар даярланады. Оқыту ағымдағы айда офлайн форматта басталады, әрі алғашқы
қатысушыларға тегін болмақ. Курс тыңдаушылары бизнес-процестерді оңтайландыру,
IT-архитектураны жобалау, жасанды интеллект прототиптерін әзірлеу және
жобаларды тиімді басқару тәрізді құзыреттіліктерді игереді.
Бақтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
– Қазір жеткілікті мөлшерде маманданған, нақты саланы білетін адамдарды оқуға
шақырғымыз келеді. Бірақ болашақта білім алушылар аясын кеңейтуді жоспарлап
отырмыз. Келесі жылы осы қалыптасқан топтың қатарын кеңейтеміз. Қазір Астанада
жұмыс жүргізіп жатырмыз. Келесі жылы онлайнға көшеміз. Digital Qazaqstan
форматындағы жаңалық ұсынатын мамандарға баса назар аударып отырмыз. Болашақта
мұнымен шектелмейміз. Бізде әртүрлі ішкі және халықаралық ынтымақтастықтар
бойынша өте жақсы жоспарлар бар. Көптеген халықаралық сарапшылар, бізге
Қазақстанның тәжірибесі үшін жүгінеді. Желтоқсан айында барлық өтінімдерге
талдау жасаймыз. Неғұрлым сәйкес мамандарды іріктеп, кейін тиісті сертификаттар
беріледі.

