Астанада студенттерге арналған жасанды интеллект зертханалары ашылды

Астанада студенттерге арналған жасанды интеллект зертханалары ашылды

Астанада студенттерге арналған жасанды интеллект лабораториялары ашылды. Негізгі зертхананың өзі Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте орналасқан. Кешен толығымен цифрландырылыпты. Яғни, студенттердің ақылды жүйені жан-жақты меңгеруі үшін барлық жағдай жасалған. Сол арқылы олар түрлі жобалар жасап, материалдарын шығара алады. Қазір аталған оқу ордасының қабырғасында AI курстары өтеді. Мақсат жасанды зейінді тиімді, яғни этикалық тұрғыда сауатты пайдалану.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Балалар бүгін ChatGPT, Gemini, DeepSeek, әбден қолданып жатыр. Үй жұмысын сонымен жасап жатыр. Қазір оның неге әкеліп жатқанын көріп отырмыз. Үстірт ойлау, тіпті аналитикалық дағдыларын жоғалтып жатыр. Сондықтан біз оны қалай тиімді пайдалануымыз керек, этикалық тұрғыда қалай пайдалануымыз керек, сыни тұрғыда қалай ойлап үйретуіміз керек. Ең бастысы біз сол стратегияны білуіміз қажет. Сол стратегияны ЖОО бірге, сарапшылармен, ата-аналармен, тіпті балалармен бірге біз дайындауымыз керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?