Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр

Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр

Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар елдің өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жобалардың саны бойынша аймақтар арасында Астана көш бастап тұр. Елорда құны 2 жарым трлн теңге болатын 130 жобаны жүзеге асырмақшы. Екінші орында - Қарағанды облысы. Мұнда 118 инвестициялық жоба қолға алынады. Құны - 175 млрд теңге. Нысандар арасында ыстық мырыштау зауыты, жел электр станциясы және болат құбырлардың өндірісі бар. Ұлытау аймағы құны 1 трлн теңгеге жуықтайтын 19 жобаны бекітіп отыр. Қаржы Батыс Қаражал кен орнын игеруге, Жезқазған мыс балқыту зауытында күкірт қышқылы цехын салуға және кен байыту фабрикаларын жаңғыртуға бағытталады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?