Биыл Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Биыл Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Биыл 1-тамызда Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Науқан 2 млн-ға жуық үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтиды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы мәлімдеді. Санақ 20-қазанға дейін жалғасады. Қатысушылар қыркүйек айына дейінгі онлайн-кезеңде санақ парақтарын өздері толтыра алады. Бұдан кейін сауалнама жүргізетіндер науқанға қашықтан қатыспағандарды аралайды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық ауылдық әкімдіктерде және аудандық статистика бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.  Ұлттық статистика бюросы алынған деректердің құпия болатынына кепілдік беріп отыр. Олар жеке мәлімет ретінде емес, жиынтық түрде өңделіп жарияланады.

Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- «2025 жылғы желтоқсанда санақтың алдын-ала нәтижелерін жариялаймыз. Соңғы жиынтық деректер мен аналитикалық есептер Ұлттық статистика бюросының сайтында көпшілікке 2026 жылы ұсынылады. 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – Қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бар іс-шара екенін тағы бір мәрте айтқым келеді. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?