Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым 36,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым 36,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Қытайдың тауарайналымы рекордтық көрсеткішке жетті. Жыл басынан бері көрсеткіш 36,5 млрд долларды құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ке артық. Бұл туралы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуінде айтылды. Бұл ретте тараптар транзиттік-көлік саласында, энергетикада, өнеркәсіптік кооперацияда, сондай-ақ отандық тауарларды шикізаттық емес экспорттау бағытында ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды түрде алмасуды бастады

 

Соңғысын ілгерілету мақсатында Қазақстан мен Қытай жүк тасымалдау процесін де жетілдірді. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу онлайн форматқа көшірілді. Бұл жүктердің өтуінің жеделдігі мен тиімділігін арттырады. Тестілік режимде бірінші жүк көліктерін өткізу сынақтан өткізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстан мен ҚХР 190 мың рұқсат құжатын берген. Өз кезегінде бұл тағы бір рекордтық көрсеткіш.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?