Астанада XV халықаралық ISAAC конгресі басталды

Астанада XV халықаралық ISAAC конгресі басталды

Қазақстан астанасында XV Халықаралық ISAAC конгресі басталды. Математика әлеміндегі ең ауқымды оқиғалардың бірі биыл Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Бұл - отандық математика мектебінің жоғары деңгейінің көрсеткіші. Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 700-ден астам қатысушы жиналды. Олардың арасында жасанды интеллект бойынша сарапшылар, Кембридж, Нью-Йорк университеті, Лондон Империялық колледжінің профессорлары да бар. Бір апта ішінде конгресте ғалымдар математика және сабақтас пәндердегі өзекті ғылыми жетістіктерді, жаңа әдістер мен тәсілдерді талқылайды. Айта кетейік, шара дәстүрлі түрде бірнеше жылда бір рет өткізіліп, әлемнің жетекші ғалымдарын бір алаңға жинайды. Бұған дейін ол АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Ұлыбританияда өткен болатын.

Дөрбетхан Сұраған, XV халықаралық ISAAC конгресінің төрағасы:

- Ең біріншісі бұл ғылымды дәріптеуге септігін тигізеді және елімізді халықаралық деңгейде әлемдік ғылыми картаға қойып береді. Бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 700-дей қатысушы келіп жатыр. Ең жоғарғы деңгейдегі әлемге танымал ғалымдар да бар. Айта кетейін, еліміздің кәсіпкерлерінің арасында меценаттар өз еркімен 100 жас ғалымға осы конгреске қатысуға қаржы бөлді. Ол жалпы жастарымызға soft power дейміз ғой, сондай байланыс әлемдік деңгейде.

Мартин Хайрер, Филдс медалінің лауреаты:

- Бұл - қоршаған ортаны сипаттайтын теңдеулермен айналысатын математика бөлімі бойынша ең ірі конгрестердің бірі. Ол Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отыр. Осында болғаныма қуаныштымын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?