Қасым-Жомарт Тоқаевтың
БҰҰ реформалауға қатысты бастамасына Финляндия Президенті қолдау білдірді. Александр
Стубб Мaqsut Narikbayev University студенттерімен кездесуде халықаралық ұйымдар
заман ағымына сай өзгеру керек деп мәлімдеді. Еске салайық, Қазақстан Президенті
БҰҰ Бас ассамблеясының 80-ші сессиясында дәл осы ойды алға тартып, әлемдік
құрылымды жаңғыртуды Қауіпсіздік кеңесінен бастауды ұсынды.
Александр Стубб,
Финляндия Президенті:
- Өкілдік дегеніміз
елдің күші, сөзі және дауысының болуы. Мен осыған қатысты 3 ұсыныс жасадым. Біріншісі - Қауіпсіздік кеңесінің құрамын екі есе
көбейту, яғни кеңестің тұрақты мүшелерінің санын 5 тен 10-ға дейін жеткізу.
Екінші ұсынысым - Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты мүшелерінің вето құқығын алып
тастау. Үшінші ұсынысым - БҰҰ Жарғысын бұзған елдің дауыс беру құқығын қайтып
алу. Бұл жаңа теңгерім жасап, жүйені әділетті етуге септеседі.

