Қазақстанда Тәуелсіздік күнін ұлықтау шаралары әлі жалғасып жатыр. Оның бірі – елордада өткен мерекелік бал. Дарынды балалар қатысқан әуезді де әуенді кеш биыл алғаш рет ұйымдастырылғанын айта кету керек. Елдің әр өңірінен жиналған өрендердің әрбірінің бойында тұнып тұрған талант. Бірі оқуда озат болса, енді біреулері спортта алғыр, өз өнерімен кеңге танылған балғындар да бар. Жас дарындардың қайсысы болсын ерекше құрметке лайық. Ханзада мен ханшайым кейпіне еніп, ертегілер әлеміне саяхаттаған белсенді ұрпақ Ұлттық ұлан оркестрінің сүйемелдеуімен мың бұрала биледі.
Амели Шыңғысқызы, оқушы:
- Бұл жыл маған мол табыс әкелді. Мен біздің ұлттық аспап жетігенді әлемге
танытып, Ұлыбритания және Түркияда Қазақстанмен өткен байқауда бірінші орын
алып, сондай-ақ бұл жылы мен Қазақстанның дарынды баласы деген белгі алдым.
Сондықтан осы балға қатысқаныма өте қуаныштымын.
Әсел Қантанова, оқушы:
-Мен 10 жастамын. 5-ші сыныпта оқимын. Қазақстанның дарыны атандым. Балетке
қатысып түрлі деңгейде жетістіктерге жетіп, бірқатар сертификат пен дипломдар
иелендім. Сондай-ақ мен каратэмен айналысамын. Сахнада өнер көрсеткенді
ұнатамын. Бүгінгі балдан өте жақсы әсер алдым. Бәрі ертегідей болды. Өзімді ханшайымдай
сезіндім.

