Қазақстан Президенті Еуропаның бірқатар жетекші компания өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті Еуропаның бірқатар жетекші компания өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті Еуропаның жетекші компаниялары өкілдерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэр еліміздегі ауқымды реформалар барысын талқылады. Әңгіме Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы. Мемлекет басшысы институттарды одан әрі дамытуға, басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ағымдағы өзгерістерге тоқталды.


Қазақстан Президенті Groupe ADP бас директоры Филипп Паскалмен кездесуде Алматы әуежайын және өңірлік авиациялық инфрақұрылымды дамыту перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның жаңа халықаралық терминал құрылысы тәрізді жобаларды табысты іске асырып жатқанын атап өтті. Аталмыш әуежайдың өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін арттырылады деп күтілуде. Филипп Паскаль инвестициялық бағдарламаның көмегімен 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 55 млн жолаушыға дейін өсуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, тараптар авиатасымалдар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлмек.


Келесі кезекте Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады. Тараптар ынтымақтастықтың келешегін және Қазақстандағы жұмыс ауқымын кеңейту мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Inditex-тің қызметі мен Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі транзиттік-логистикалық хабқа айналдыру жөніндегі жоспарын құптады.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристпен кездесті. Тараптар көлік және логистика, соның ішінде Орта дәлізді дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Эдуард Зигрист компанияның логистикалық терминалдарға, темір жол активтеріне, порт инфрақұрылымына және Қазақстандағы авиатасымалға инвестиция салуға дайын екенін жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?