Секундына 362 трлн операция. Мұндай жоғары өнімділікке жабық контурда интернетке қосылмай-ақ дербес жұмыс істейтін алғашқы қазақстандық NeuroBox суперкомпьютері қауқарлы. Осылайша, елдің мемлекеттік секторы мен ірі бизнесіне бағдарланған отандық әзірлеме ақпараттық қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Тың жүйе бірнеше тілдік модельді қамтиды. Сондай-ақ нақты ұйымның міндеттеріне бейімдеуге болатын контентті генерациялау құралдары қоса бар. Суперкомпьютер өздігінен әп- сәттте үлкен деректер мен мәліметтерді талдауға, құжаттарды саралап, тексеруге және барлық үрдісті автоматтандыруға қабілетті. Ең бастысы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Яғни, деректердің таралып кету қаупін болдырмайды.
Александр Пан, Мультиагенттік шешімдер мен жүйелерді әзірлеуші компанияның
негізін қалаушы:
- Негізгі тұжырымдама - бұл ақпараттық қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету
және қосымша оқыту мүмкіндігінің болуы. Аталған бағдарламалық-аппараттық
кешен өзі тапсырыс берушінің жергілікті жабық желісіне қосылады. Яғни, ақпарат
ешқайда кетпейді. Біз 5 тілдік модельдің көрсеткіштерін 4 млрд-тан 32 млрд-қа дейін
көтердік. Мысалы, DeepSeek, ChatGPT және тағы басқалары. Олардың бәрі жергілікті
жерде сыналып 2025 жылға дейін оқытылды. Алтыншы модель – сурет салу, ал жетіншісі
- бейне жасау үшін қажет.
Сонымен қатар, қазақстандық өнертабыстың жаңа бағыттары дамытылып жатыр. Ол қуатты суперкомпьютерлер, AI-агенттерді құруға арналған жеке
платформалар мен робототехника. Жүйе базасында әзірленген алгоритмдер мұражайлар,
әуежайлар мен қоймалар үшін қызметкөрсететін роботтарға енгізілмек. Олар
адамдармен өзара іс-қимыл жасап, кеңістікте бағдарлана алады, сондай-ақ
қолданбалы міндеттерді орындайды. Алдағы уақытта бұл тың отандық жобаларды халықаралық
нарыққа шығару жоспарланып отыр. Бүгінде серіктестермен келіссөздер жүргізіліп
жатыр.
Төлеген Омарбеков, Мультиагенттік шешімдер мен жүйелерді әзірлеуші
компанияның негізін қалаушы:
- Бүгінде есептеу қуаттары бойынша суперкомпьютері жоқ елдердің бұндай
әзірлемелерге үлкен қажеттілігі бар. Біз сол сұранысты
қанағаттандыратын бағдарламалық жасақтама құрдық. Мәселен біз жер қойнауын
пайдаланушылар мен қаржы секторына қызықты болатын жаңа өнімдер жасадық. Алдағы
уақытта бұл жобаларды халықаралық нарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Жақын арада
біздің тағы бір тың өнертабыс көпшілікке таныстырылады. Нейтанның баламасын
әзірлеп қойдық. Ол жасанды интеллект агенттерін жасауға арналған платформа.
Бүгінде Қазақстан суперкомпьютерден бастап робототехникаға дейінгі жасанды
интеллекттің ұлттық экожүйесін қалыптастыруда. Отандық
әзірлемелер еліміздің технологиялық тәуелсіздігін күшейтіп, AI саласындағы
ұстанымдарын нығайтады.

