Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен
NVIDIA компаниясы жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын іске
қосу туралы келісімге қол қойды. Сан-Францискодағы кездесуде тараптар
суперкомпьютерлік технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын
талқылады. Айта кетейік, Deep Learning Institute бағдарламасы аясында оқу
материалдары қазақ тіліне аударылып, білім беру контенті бейімделеді. Жас мамандарды қолдау
үшін, жасанды интеллект бойынша хакатондар мен оқу лагерлері ұйымдастырылады. Жалпы,
сарапшылардың айтуынша, бұл жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға
көмектеседі және Қазақстанның өңірдегі инновациялар орталығы ретіндегі
ұстанымын нығайтады. Естеріңізге сала кетейік, NVIDIA - өзінің графикалық
процессорлары мен чиптегі жүйелерімен танымал америкалық компания.