Сенат байланыс саласын дамытуды көздейтін заңды мақұлдады

Сенат байланыс саласын дамытуды көздейтін заңды мақұлдады

Қазақстанда жаңа спутниктік байланыс іске қосылады. Парламент байланыс нарығы мен саланы цифрландыруды дамытуды көздейтін заңды қабылдады.  Құжат аясында отандық  байланыс операторларының инфроқұрылымдарға тең қолжетімділігі қамтамасыз етілмек. Депутаттар бұл бәсекелестікті арттырып, нәтижесінде қызмет сапасының жақсаруы мен қамту аймағының кеңеюіне сеп болатынын алға тартады. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын сандық жүйеге келтіру кезінде байланыс қызметтері субсидияланады. Есесіне саланың инвестициялық тартымдылығы мен инновациялық үлесі артады деп күтілуде.

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл заң байланыс нарығын, сондай-ақ цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру саласына инвестиция тарту мәселелерін қамтиды. Бірқатар түзетулер ғарыштық мониторинг деректерін пайдалану аясын кеңейтуге арналған. Сонымен қатар алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған нақты шаралар қарастырылған. Жалпы, мақұлданған заң сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерін ұсынуға, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық әлеуетін дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз.