Қазақстанда газ өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанда газ өңдеу зауыттары салынады

Қарашығанақ пен Қашаған кен орнындарында газ өңдеу зауыттары салынады. Олар жылына 4 млрд және 2,5 млрд текше метр көгілдір отын өңдеуге қауқарлы болады. Ел Премьер-министрі Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің басшысымен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Бүгінде аталған компания Қазақстанда Каспий Құбыр Консорциумы, Солтүстік Каспий жобаларына қатысып жатыр. Сонымен қатар, қысқы дизель отынын өндіретін мұнай-химия зауытының қондырғысын жаңғырту, жер қойнауын геологиялық барлау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?