Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесуінде Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Беларусь орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Александр Лукашенко дауыс берушілердің 86%-тен астамын жинады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

