Netflix, HBO max және Disney. «Астана Балет» театры болашағын осындай алып платформалармен қатар елестетеді. Енді талғампаз көрермен спектакль премьералары үшін арнайы театрға бармай-ақ, үйден «AB Media» атты еліміздегі алғашқы театрлық стриминг сервисі арқылы тамашалай алады. Жаңа алаңды «Астана Балет» театрының ұжымы таныстырды.
Театр директорының айтуынша, әлемдік пандемия салдары көрерменмен байланыста болудың түрлі әдістерін іздеуге түрткі болған.
Айта кетейік, жаңа стриминг алаңының ерекшелігі, стандартты толық форматтағы концерт, спектакль әрі деректі фильмдерден өзге, арнайы 360 градус форматында түсірілген қойылымдарында.
АЛЕКСАНДР СОВОСТЬЯНОВ, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бұл жобаның идеясы наурыз айында пайда болды. Қазір желтоқсан. Яғни біз оны 8 ай бойы дайындадық. Түрлі техникалық қиындықтар туындады, сондай-ақ, арнайы техниканы алдыртуда өзіндік кедергілер болды. Себебі шекара өздеріңіз білетіндей жабық болатын. Сонымен қатар, жалпы балет құрылымы да өзгерді. Яғни, 360 форматында әртіс көрерменге емес, айналмалы камераның бір нүктесіне жұмыс істейді. Сондықтан да балеттің хореграфиясы да, декарациясы да өзіндік өзгеріске ұшырады. Әрине мұның бәріне уақыт керек болды. Бұл үлкен әрі қиын жұмысты басынан қоюшы режиссерлер мен техникалық қызметтің барлық ұжымы өткерді.
360 форматында түсірілген қойылымдар қатарында бүгінде «Астана Балет» театрының репертуарындағы «Күлше қыз» және «Желтораңғы туралы аңыз» балеттері бар. Өз кезегінде театр басшылығы, әр ай сайын жаңа қойылым жаңаша форматта түсіріліп, платформаға қосылып отырады деп уәде етті.