Димаш Құдайберген Еuronews-ке эксклюзивті сұхбат берді

Танымал әнші, біртуар дарын иесі Димаш Құдайберген Euronews-ке эксклюзивті сұхбат берді. Онда ол классикалық музыка, қазақтың халық күйі мен заманауи әуен астасып жатқан бірегей шығармашылығы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, көшпенді халықтар мұрасын паш етуде айрықша алаң бола білген V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны туралы пікірімен бөлісті. Айта кету керек, әлемдік турнеден кейін Отанына оралған Димаш Астанада өткен спорттық шараны өзінің екі күндік концертімен айшықтай түскен болатын. Туған жерінде концерт беру екі есе жауапкершілік жүктейтінін жеткізген Димаш мақсаты әлемдік аудиторияға Қазақстанның бай мәдениеті мен салт-дәстүрін таныту екенін айтты.  

Димаш Құдайберген, әнші:

- Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын. Қазіргі менің үлкен мақсатым бар. Халықаралық көлемдегі әнші болудағы мақсатым - ақша табу емес. Көздеген басты мақсатым - халқымыздың мәдениетін, әндерін, дәстүрлі музыкамызды дүниежүзіндегі тыңдармандарыма таныстыру.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?