Қазақстанда энергетика саласында құны 17 трлн теңге болатын инвестжобалар пулы жасақталды

Қазақстанда энергетика саласында құны 17 трлн теңге болатын инвестжобалар пулы жасақталды

Қазақстанда энергетика саласына 17 трлн теңге салуға ниетті. Республикада 60 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды, – деп хабарлайды салалық ведомство. Жоба жаңа энергоқуаттарды енгізуге бағытталған. Олардың ішінде газ өңдеу зауыттарын салу жобалары, мұнай өңдеу зауыттарын атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытын – 12 млн тоннаға дейін, Павлодарда – 8 млн тоннаға дейін кеңейту қарастырылған. 

Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері, мұнай-газ химиясын дамыту саласындағы жобалар да назардан тыс қалмады. Олардың барлығы энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, энергетикалық нысандарда инновациялық технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.