Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы елдерімен тауар айналымы 12,9 млрд долларды құрады

Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы елдерімен  тауар айналымы 12,9 млрд долларды құрады

Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде Қазақстан Президенті ұсынған цифрлық мониторинг орталығын құру Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға, логистиканың ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы премьер-министрі  Бакуде өткен Ұйым елдері үкімет басшыларының үшінші кездесуінде мәлімдеді. Олжас Бектенов бұл бастаманы ілгерілету бойынша арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Бұдан бөлек, оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Түркістанда бизнесті қолдау мақсатында «Тұран» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Онда ұйым елдерінің бірлескен өндірістері және технологиялық кластерлер орналасады. Қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту перспективаларына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және Орталық Азиядағы су ресурстарын ұтымды пайдалануға баса назар аударды.


Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі $12,9 млрд-қа жетті. Біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?