ТХКБ қазақстандық бөлігіндегі транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есе қысқарды

ТХКБ қазақстандық бөлігіндегі транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есе қысқарды

Мәселен, былтыр еліміз арқылы бұл тасымал түріне 12 күн қажет болса, қазір транзит республика аумағын небары 6-ақ күнде кесіп өтеді.  Жжыл соңында бұл көрсеткішті 5 тәулікке дейін жеткізу жоспарлануда. Ел Үкіметінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте аталған халықаралық дәлізді дамыту шаралары қаралды. Жалпы, осы бағытпен Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін қысқарды. Биылдың  соңына қарай 14-18 күнге жетуі тиіс. Мұндай ілгерілеу қатысушы елдердің бағыттағы кедергілерді жою, өтпелі тарифтерді енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысының жемісі. Сондай-ақ кеңесте кедендік рәсімдерді оңайлату және тасымалдаудың берілген кепілдік көлемін бекітуді көздейтін Қазақстан мен Қытай арасында халықаралық дәлізді дамыту жөніндегі келісімді дайындау мәселесі пысықталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?