Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жаңа сауда-логистикалық хаб салынады. Қазір Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу бекеті маңында арнайы орын бөлініп, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сауда орталығына «Алатау» атауы берілмек. Бекет екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Айта кетейік, жақында мемлекет басшылары алыс-беріс көлемін 1 млрд долларға жеткізуге уағдаласқан еді. Жаңа сауда кешені халық көп тұтынатын жоғары сапалы азық-түлік түрлері мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны түлетуге ықпал етпек. Бұдан бөлек қос елдің бұл бағыттағы бірлескен жобалары көбейіп, тауарды тұтынушыға жеткізу құны төмендейді деген болжам бар.