Қазақстанда экотуризм бағыты ширап келеді

Қазақстанда экотуризм бағыты ширап келеді

Алматыда ұзындығы 150 шақырым болатын әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорты салынады. Жаңа нысанға жылына шамамен 5 млн турист келеді деп күтілуде. Өңірдің тау кластерін дамыту бойынша кешенді жоспарда ескерілген. Бұл бағытта Маңғыстау өңірінің де әлеуеті зор. Осы аймақтың да бірегей туристік орындарына қол жеткізу және бірқатар жаңа нысанның ашылуына жағдай жасайтын бағдарлама бекітілді. Экологиялық саяхат түрін желідіру жұмыстары Ұлттық саябақтарда да кеңінен қолға алынған. Соңғы жылдары 8 сапар-орталығы ашылды. Нәтижесінде Қазақстанға қызығушылық танытқан жиһанкездер саны артып келеді.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Жылдың қорытындысы бойынша 14 ұлттық паркке 2,8 млн адам барып, келушілердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 18% өсті. Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әрбір ұлттық паркті негізгі туристік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жаңа сапар-орталықтарын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, барлық ұлттық парктерде Бурабайдағы секілді кіру жүйесін цифрландыру қажет. Дәл осындай жұмыс туризмнің әртүрлі түрлерін дамыту үшін басқа өңірлерде де жүзеге асырылатын болады. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?