Биылғы
жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен жүк
тасымалдау көлемі шамамен 13 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 12% артық. Бұл ретте қазақстандық
экспорт 8 млн тоннаға дейін өсті. Еліміздің магистральдық темір жол желісінің
ірі операторының мәліметінше, «Алтынкөл-Қорғас» станциялары арасында жүк
тасымалдау 7%-ке еселеніп, 5 млн 300 мың
тоннаға жетті. Ал «Достық» станциясы арқылы аспан
асты еліне және кері бағытқа 7,5 млн тонна, 17% жіберілді. Айта
кетейік, Қазақстан Қытайдан Еуропаға жүк транзитін 5 есеге арттыруға ниетті.