Қазақстан мектептерінде домбыра челленджі өтті

Қазақстан мектептері мен колледждерінде Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж өтті. Шара күн мен түннің теңелу мерекесіне орай ұйымдастырылды. Тек Астанада бір мезетте 127 мың оқушы қазақтың танымал композиторларының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» сияқты күйлерін орындап шықты.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралар өскелең ұрпақ бойында мәдени-рухани тәрбиені қалыптастырып, халықтың бай мұрасын дәріптеуге көмектеседі.

 

Фархад Сабиев, мектеп директоры:

- Қазақты қазақ қылатын әрине ұлттық аспаптар, домбыра, қобыз. Домбыраның жалпы қазаққа деген атқратын рөлі үлкен ерекше. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерейден қалған қазақтың қара домбырасы әр балаға, қазақтың баласына тәнті болу керек. Яғни әр бала ойнау керек. Шетелге барса да әр баламыз домбыра ойнап отырса, қазақ екенімізді білдіреді.