Қазақстан - ашық кеңістіктер мен баяу туризмді бағалайтындар үшін трендтік бағыт

Қазақстан - ашық кеңістіктер мен баяу туризмді бағалайтындар үшін трендтік бағыт

Қазақстанға ашық кеңістіктер мен баяу туризмді қалайтын саяхатшылардың қызығушылығы артқан. «Forbes Italia» елімізді 2025-ші жылғы трендтік бағыттар тізіміне қосты. Халықаралық басылымда Астана мен Милан арасында тікелей әуе рейсі құрылғаны жазылған. Бұл өзара туристердің көптеп тартылуына және логистикалық байланыстың жақсаруына септеседі делінген. Мақала авторлары жергілікті асхананың алуан түрлілігін де ерекше атап өтеді. Бұған дейін беделді британдық «Lonely Planet» басылымы Қазақстанды биыл саяхаттауға арналған ең үздік бағыттардың бірі ретінде атаса, CNN Travel Алматыны тартымды орындардың тізіміне қосты.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл бір кездейсоқ жағдай емес деп санаймын. Себебі бұның алдында «Euronews» өзінің саяғатқа деген трендтерін ұсынған кезде, осы баяу туризмге артып келе жатқан сұранысты атап өткен болатын. Сол кезде де «Euronews» оны мысалы астотурим бағыты бойынша ыңғайлы бағыт деп көрсеткен. Сондықтан да «Kazakh Tourism» өз кезегінде өзінің жұмысында осы баяу туризім түрлерін дамытуға да үлес қосатын болады. Оның ішінде пойызбен жүретін турлар, жақында білесіздер Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа маршрут құрылды. Басқа өңірлерге де осындай жаңа маршруттар құрылатын болады.

Ал шетелдік туристерге Қазақстанның қай өңірлері тартымды? Бұған «Kazakh Tourism» компаниясы жүргізген өткен жылдың талдауы жауап береді. Онда «eQonaq» ақпараттық жүйесіне тіркелген 525 мыңнан астам пайдаланушының деректері қамтылған. Зерттеу Алматы шетел азаматтары үшін ең танымал қазақстандық қала мәртебесін сақтағанын көрсеткен. Былтыр мегаполис сырттан 534 мыңнан астам қонақты қабылдаған. Рейтингтің екінші сатысына елорда жайғасты. Жүйеге тіркелген ақпаратқа сай 2024-ші жылы Астанаға көшбасшы шаһардан екі есе аз мейман тоқтаған. Жиһанкездер қатары 60% жуық өскен  Алматы облысы үздік үштікті тұйықтады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?