Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салынады. Еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директорымен бірлескен жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Кәсіпорын дән, жүгері және картопсынды шикізаттардан алынған этанолды өңдеп, экологиялық таза авиаотынға айналдыру үшін озық технологияларды пайдаланатын болады. Зауыттың қауқары жылына 50 мың тоннадан астам органикалық авиаотын және 100 мың тонна биоэтанолдың қайта өңделген түрлерін өндіруге жетеді. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Ол «жасыл» авиацияны дамытуға және агро өндірістік кешенде терең өңдеуге бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?