Қазақстан теміржол тасымалын 327 млн тоннаға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан теміржол тасымалын 327 млн тоннаға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстанда 2026 жылы теміржол тасымалы көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Транзиттік жүк ағыны жыл сайын тұрақты 20% өсім көрсетіп келеді. Биыл «Қызылжар – Мойынты» және «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары жасалады. Бұған қосымша пойыздарды реттеудің заманауи жүйелері енгізіліп, қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілеті артады. Теміржолдарды күрделі жөндеу жалғасады. 2026 жылы 1,6 мың шақырым шойын жоды жөндеу жоспарланған. Транскаспий бағытымен жүк тасымалын арттыру үшін сауда флоты 4 пароммен толықтырылмақ. Осылайша, биыл жүк тасымалы көлемін 90 мың контейнерге дейін жеткізу межеленіп отыр.

Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік вице-министрі:

- 233 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және 191 заманауи  жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары. Транскаспий бағытының өткізу мүмкіндігін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары іске асырылуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?