Қ.Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды

Қ.Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды

Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрі мен Қарулы күштерінің бас қолбасшысының араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл туралы Қазақстан Президенінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.  Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және экономикалық өркендеуге жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?