Қазақстанда 12 сәуір ғылыми қызметкерлер күні

Бүгін Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні. Елімізде бұл мейрам 2012 жылдан бері аталып келеді. Осы орайда айта кетерлігі салада жүрген 25 мыңға тарта отандық ғалымдардың 36% жастар құрайды. Тек соңғы екі жылда ғана қатарға мыңнан астам жас зерттеуші келген. Олар жан-жақты қолдау көреді.  Еліміз бойынша жыл сайын бұл бағытта дарынды мамандарға 50 мемлекеттік стипендия тағайындалады. Сондай-ақ  жаратылыстану және гумманитарлық ғылым бойынша үздіктерге «Дарын» сыйлығын беру дәстүрі қалыптасқан. Биылдан бастап төл мейрамдарында жас ғалымдар Саммиті өтетін болды. Бас қосуда саланың әлеуеті мен түйткілді мәселелері талқыланады. Сонымен қатар үздік ғылыми жобалар ұсынылады. Бұл ретте халықаралық тәжірибені арттыру жағына ден қойылмақ.           

Ринат Елшібеков, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басқарма басшысы:

– Екінші кезеңді халықаралық ғылыми орталықпен бірге жасаймыз. Халықаралық ғылымға қарай тарту мақсатымыз. Бұл ретте біз халықаралық зертханалармен жұмыс істеуді дамытуды басты мақсат етіп отырмыз. Сонымен қатар ол жерге біз Жапониядан келетін сарапшыларды шақырттық.   

Нұрхат Жакиев,  Phd, физика:

– Конкурсқа біз экология, энергетика және су мәселесін интеграциялайтын компьютерлік моделдеу жасағымыз келеді. Бұл жерде Қазақстаннның энергетикалық қауіпсіздігі бар. Олардың энергетикалық тәуелсіздігі деген және әлеуметтік мәселелер де қамтылатын болады. Оның ішінде экология және парниктік газдардың ортаға бөлінуін азайту. Сол бағытта зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Біздің командамыз болашақта Қазақстаннан тыс Еуропалық жобаларға өтініштерді әзірлеп жатыр.