Ғалымдар Өзбекстандағы ең ірі Пахтакор мұздығын зерттеуде

Ғалымдар Өзбекстандағы ең ірі Пахтакор мұздығын зерттеуде

Өзбекстанда ең ірі Пахтакор мұздығын зерттеу жүргізілуде. Ол елдің шығысында, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасына жақын орналасқан. 2023 жылдан бастап үш экспедиция ұйымдастырылды. Екеуінің нәтижесі бойынша - мұздықтың өзі мен қар жамылғысының салмағы 3 метрге азайғаны белгілі болды, ал қайта өлшеулер тағы да 30 см ерігенін көрсетті. Биыл үшінші экспедиция тобы құрылды. Зерттеушілер алғаш рет қар жиналатын аймаққа көтерілді. Оның қалыңдығын өлшеп, екі нүктеге небәрі 110 см және 80 см жауын-шашын түскені анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл өте аз көрсеткіш. Таулы аудандарда орташа есеппен бiр жылда қар жамылғысының биiктiгi 2,5-3 метрге жетуi тиiс.

Ферузжон Очилдиев, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің докторанты:

- Мен алғаш рет Германиямен бірлесе ұйымдастырылған экспедицияға қатыстым. Климаттың өзгеруі Пахтакор мұздығына қалай әсер ететінін өз көзіммен көрдім. Бір жыл ішінде мұздық 3 метрден астам еріген. Бұл алаңдатарлық жағдай. Мұздықтар - бұл тұщы су қоры және олардың осылай жылдам еруі өмірлік маңызы бар ресурстарды үнемдеу қажет екенін білдіреді. Біз келесі жылы жағдай қалай өзгеретінін бақылау үшін жаңа тақтайшалар орнаттық.

Өзбекстанның мұздықтары экожүйеде маңызды рөл атқарады. Олар өңірдегі жалпы ағынның 25% -ын қамтамасыз ете алады. Экспедиция барысында Температураның, ылғалдылықтың, жауын-шашынның және жел бағытының тұрақты мониторингі үшін Пахтакорда автоматты метеостанция орнатылды. Барлық жиналған мәліметтер тек Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем ғалымдары үшін де құнды. Олар климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету бойынша ғылыми шешімдер әзірлеу үшін қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?