Кино көрсетілімдер, концерттік бағдарламалар, байқаулар мен көрмелер.
Қазақстанда осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отырған «Франкофония көктемі»
фестивалі басталды. Ауқымды іс-шара аясында екі ай бойы түрлі мәдени-танымдық бағдарламалар
көпшілік назарына ұсынылады. Олар француз тілі мен француз мәдениетін
насихаттауға бағытталады. Белгілі француз әртістерінің өнерін тамашалауға да мол мүмкіндік болады. Сәуір айының соңында Джереми Тернаның джаз
тобы Қарағанды мен Алматыға гастрольдік сапар жасайды. Әдеттегідей шараның басты өнер байқауы да
ұйымдастырылады. Оның жеңімпаздарына бас жүлде – Парижге екі ауебилеті сыйға
тартылады. Сондай-ақ, іс-шара қонақтары француз тіліндегі кинотуындыларды
тамашалап, дәстүрлі француз тағамдарынан дәм тата алады.
Сильван Гиоге, Францияның
Қазақстандағы елшісі:
- Қазақстандық
балаларды «Оскар» сыйлығын алған «Ағын» анимациялық фильмін және белгілі
француз актрисасы Сара Бернардың киножобасын тамашалауға шақырамын. Астана мейрамханаларында
өтетін гастрономия апталығында франкофония асханасының дәстүрлі тағамдарынан
дәм татуға болады. Қазақстанмен француз тілін ілгерілету бойынша қарым-қатынасымыз
дамып келеді. Оның қолданыс аясын кеңейту бағытында Қазақстан тарапы үлкен
қолдау көрсетуде.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

