«Астана опера» театрында танымал италиялық баритон шеберлік сабақ беруде

«Астана опера» театрында танымал италиялық баритон шеберлік сабақ беруде

«Астана опера» Халықаралық опера академиясында біртуар италиялық баритон Федерико Лонгидің шеберлік сабақтары өтуде. Қатысушылар хас шеберден тәжірибе алып, вокалдық өнердің құпияларын білу арқылы өздерінің кәсіби қабілеттерін жетілдіруде. Сонымен қатар, маэстроның жетекшілігімен Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау» опера-буффасының қойылымымен жұмыс істеуде. Спектакльдің премьерасы алдағы 27-28 ақпан күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Бір актілі комедиялық опера жас қызға үйленген қарт дәріханашының хикаясын баяндайды. Бұл ретте Гаэтано Доницетти қойылымдағы музыканың авторы ғана емес, либреттоны да жазғанын айта кету керек.  

Федерико Лонги, вокалды коуч, Италия:


- Мені Астанаға және осы тамаша театрға шақырту алғаныма дән ризамын. Қазақстанда алғаш рет аяқ басып елордаға келгеніме өте қуаныштымын. Егер орындаушылардың кәсіби деңгейі туралы айтатын болсақ, олардың шеберлігіне тәнтті болдым. Дауыстары өте әдемі. Әрине, мен үшін бұндай дарынды ұжымға техникалық білім мен кеңес беру үлкен мәртебе. Кез-келген арияны орындау кезінде оның сөздерін жақсы ұғынып, қойылымның мәнін көрермендерге дұрыс жеткізу өте маңызды. Мен шеберлік сабағымда жергілікті тыңдаушылармен дауыс ырғағын қою, кейіпкерді дұрыс сомдау және мизансценаны пайдалануға қатысты тәжірибеммен бөлісемін.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?