217 қазақстандық
«Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Осы жылғы халықаралық бағдарлама
бойынша гранттарды тағайындауға жасалғалған екінші байқау жаңа ережелер бойынша
өткізілді. Осылайша, үміткерлер үш деңгейлі сынақтан өтті. Олар кешенді
тестілеу, әңгімелесу және республикалық комиссияның іріктеуі. Олардың басым
бөлігі магистратура, 13-і докторантура бойынша және 37-сі әлемнің үздік жоғары
оқу орындарында тағылымдамадан өтеді. Айта кетейік, грант алушылардың
жартысынан астамының таңдауы жаратылыстану-техникалық пәндеріне түскен.
Сонымен қатар,
77 мыңнан астам мектеп түлектері мемлекеттік білім грантына ие болды. Айта
кетейік, оларды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары,
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін заңнамада белгіленген квоталар
сақталады. Жедел әскери мерзімге шақырылған сарбаздар да жоғары оқу орындарында
білім алады. Елімізде ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдарына
бөлек квота беріледі.
Саясат Нұрбек, ҚР
Ғылым және жоғары білім министрі:
- Жоғары сұранысқа ие
3 бағыт: педагогика 13 мың грант, ақпараттық технологиялар және жасанды
интелект 11 мың, инженерлік бағытқа 18 мыңнан астам грант бөлінді. Осы жылдан
бастап біз сирек мамандықтарға ветеринария, энергетика, су шаруашылығы,
ирригация, гидротехнологиялар саласында өңірлік квоталарды енгіздік.

