Атырау облысында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 9 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Сонымен қатар, студенттер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 750 орындық жатақхана салынады. Айта кетейік, өңірде техникалық мамандықтар бойынша 2 мыңға жуық адам білім алуда. Олардың жартысына жуығы дуальды білім беру жүйесі бойынша өндірісте жұмыс істейді. Нұрдәулет Жаңабайұлы мұнай-газ саласындағы кәсіби шеберлігін тәжірибеде бір жылдан астам уақыт бойы жетілдіріп келеді.
Нұрдәулет Жаңабайұлы, Студент:
- Жалпы бұл мамандықты үйдегілердің кеңесімен таңдадым. Өзімнің ағам осы мамандықта оқыған, сол себепті мен соны таңдадым. Алғашында бұл мамандыққа деген менде бір қатты қызығушылық болмады. Алайда өндіріс алаңына барып, барлығын өз көзіммен көріп, өз қолыммен жасап көргеннен кейін, қызығушылық арта түсті деп айтсам болады. Қазір енді бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін.
Атырау облысында жыл сайын жұмысшы кадрларды даярлауға
бөлінетін гранттар саны артып келеді. Биыл олардың саны 4 жарым мыңнан астамға
жетті. Бүгінде өңірде 24 колледж бар. Оның жартысында техникалық мамандықтар
оқытылады.
Маржан Лапиденова, Аграрлық-техникалық колледж
директорының орынбасары:
- Біз ауылшауаршылығы мамандығына бейімделген болатын осы жерде ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын хаб ашқымыз келеді. Оны да облыстық білім беру басқармасымен басшымыз келісіп жатыр.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

