Астанада көмір өнеркәсібі форумы өтті

Астанада көмір өнеркәсібі форумы өтті

Көмір химиясы болашақта отандық өңдеу өнеркәсібінің басты қозғаушы күшіне айналады. Әлеуеті жоғары сала ел экономикасына ондаған млрд доллар табыс әкелуі мүмкін. Ол үшін елімізде алғышарттар баршылық. Қазақстанда жыл сайын 100 млн тоннадан астам көмір өндіріледі. Республикамыздың жер қойнауы осы шикізат қоры бойынша 10 үздік мемлекеттің қатарына кіреді. Сарапшылардың пікірінше, көмірді игерумен қатар кәдеге жарату үшін озық үлгідегі технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Бұл ретте отандық көмір химиясын дамытатын арнайы талдау орталығын құру қажет. Бұл туралы Астанада көмір өнеркәсібі форумында айтылды. Оған саланың мамандары, сарапшылар, Қазақстан және басқа да елдердің ғалымдары жиналды.

Николай Радостовец, ҚР Тау-кен және металлургия қауымдастығының директоры:

- Біз көмірді орнында өңдеуді, көмір химиясы кәсіпорындарын құруды жоспарлап отырмыз. Біздің көмірден 300-ге жуық фармацевтикалық, химиялық және басқа да өнім түрлерін жасауға болады, бұл салада бізбен жұмыс істейтін инвесторлар бар. Соңғы 2-3 жылда Қазақстанда бірнеше кокс-химия өндірісі салынды. Экологиялық стандарттарға сәйкес келетін жаңа технологиялармен жабдықталған көмір станциялары салынады

Форум аясында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастырылды. Мұнда тау-кен металлургия кешенінің өнімділігін арттыруға арналған соңғы әзірлемелер мен өнімдер ұсынылды. Олардың ішінде геологтардың, тау инженерлерінің және жобалаушылырдың жұмысын жоспарлауды жақсартуға мүмкіндік беретін платформа бар. Ол өндірісті автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған.

Рүстем Ахметқалиев, Тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін бағдарламалық шешімдер әзірлеу жөніндегі компанияның өкілі:

- Біздің компания әлемнің 124 еліндегі бөлімшелеріміз, сондай-ақ Алматыдағы кеңсені қоса алғанда, осы бағдарламалық шешімдерді түрлі индустрияларда, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде ұсынады. Бұл тау-кен өндірісін қоса алғанда машина жасау, кеме жасау, авиағарыш салалары.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?