Қазақстан мен Қытай
арасында Қорғас бекеті арқылы тәулігіне 30 мыңға дейін жолаушы өтеді. Еліміздегі
ҚХР елшісі Хань-Чунлинь бұл көрсеткіштің жыл сайын артып келетінін мәлімдеді. Аспан
асты елінің елшілігінде ұлттық жаңа жыл мерекесіне арналған жиын өтті. Визасыз
режим, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстанның Қытайдағы және керісінше былтырғы
Қытайдың біздің елдегі туризм жылдары тараптардың өзара әріптестік аясын кеңейтуге
қолайлы жағдай жасаған. Ең бастысы, жоғары деңгейдегі кездесулер
ынтымақтастыққа тың серпін беруде. Мәселен, өткен жылы ҚХР Төрағасы Си
Цзиньпинь Астанаға сапар жасап, Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысқан болатын.
Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аспан асты еліндегі ШЫҰ + саммитінде
сөз сөйледі. Өзара барыс-келіспен қатар, алыс-беріс асясы кеңейіп келеді. Былтыр
арадағы тауар айналымының жалпы көлемі 49 млрд долларға жуықтаған. Бұл ретте Қазақстандық
экспорт 20% артқанын айта кету керек.
Хань Чунлинь, ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- «Жібек жолы электронды сауда» бастамасы сауда байланыстарын жандандыратын маңызды көпір ретінде қалыптасты. 2025 жылы Алашанькоу өткелі арқылы жүретін Қытай-Еуропа бағытындағы жүк пойыздарының саны тарихи рекорд орнатып, 8 мың рейстен асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3% артық. Сондай-ақ қытай компанияларының қатысуымен Қарағанды-Балқаш автожолы толық пайдалануға берілді.

