Қазақстан мен Ресей Президенттері бүгін телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин елдердің сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму әлеуетін достық әрі өзара сенім сипатында талқылады. Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Президенттер мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарының маңызына тоқталды. Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

