Қазақстанда бір палаталы парламент құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір палаталы парламент құрылуы мүмкін

Қазақстанда көп ұзамай бір палаталы парламент құрылуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған кезекті Жолдауында осындай ұсыныс көтерді. Мемлекет басшысы бұл бастама жалпыұлттық референдумға шығарылуы тиіс екенін атап өтті. Ол мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын. Президент егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санайтынын жеткізді. Оның пайымынша, бұл - әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса береді. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?